Ақтөбе облысында заңсыз еңбек еткен 15 Қытай азаматы жауапкершілікке тартылды

аktobenews.kz аktobenews.kz
Бұдан бөлек, көші-қон мен еңбек заңнамасын бұзған шетелдікті жұмысқа алған 144 қазақстандық та жауап берді.

Ақтөбе облысында заңсыз жұмыс істеген 400-ге жуық шетел азаматы жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде 15 Қытай азаматы Ішкі істер органдарына тіркелмей, өңірде заңсыз еңбек еткен, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

23-27 шілде аралығында Ақтөбе облысында заңсыз жұмыс істеп жүген шетелдіктерді анықтау үшін арнайы жедел алдын алу шарасы өтті. Осы уақыттың ішінде соттың шешімімен 104 адам елден шығарылды.

Сондай-ақ, іс-шара барысында 391 шетелдік азамат, соның ішінде 15 Қытай азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, көші-қон мен еңбек заңнамасын бұзған шетелдікті жұмысқа алған 144 қазақстандық та жауап берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз