Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алматыда көлік апаты салдарынан мотоцикл жолаушысы аяғынан айырылды

Көлік апаты салдарынан мотоциклдің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті. Әйел адам әл үстінде жатыр.

Сурет : zakon.kz30 Шілде 2018, 14:11

Алматыда Шолохов және Есжанов көшелерінің қиылысында мотоцикл апатқа ұшырады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, мотоцикл мен LADA Priora Шолохов көшесі бойында батыс бағытта кетіп бара жатады. Есжанов көшесімен қиылыста мотоциклші ақырындап бұрыла бастайды. Неге екені белгісіз, LADA көлігі мотоциклді бір-ақ қақты. Салдарынан мотоцикл бір қырына ауып, бетонға соғылған.

Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті – мотоцикл жүргізушісі мен жолаушысы. Жолаушы әйел құлаған кезде бетонға қатты соғылыпты. Ол ауыр хәлде ауруханаға жатқызылып, кейінірек дәрігерлер аяғын кесуге мәжбүр болған.

Жүргізуші де әртүрлі жарақат алған, бірақ ауруханаға жатудан бас тартты.

Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері мен криминалистер жұмыс істеп жатыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер