Жаңалықтар тізбегі
0

Биыл еліміздегі сайттарға 100-ден астам хакерлік шабуыл жасалған 

www.24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2018 20:47 www.24.kz
Киберқылмыс айылын жимай тұр. Былтыр бизнес үшін ең үлкен қауіп төндірген де осылар.

Цифпландыру - киберқылмыстың өсуіне себеп. Сандық технологияны енгізу жолында бірқатар қауіп бар. Хакерлерден төнген қауіпке қалай төтеп беру керек? Нұрсұлтан Назарбаев атап кеткен бес ауқымды үдерістің бірі цифрландыру. Осы бір цифрлық түрлендіру қазақ өндірісін өрге сүрейді. Адам өмірін әлдеқайда жеңілдетеді. Бұл туралы zakon.kz, Хабар 24 арнасы берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Біз осылайша заман көшіне ілесіп келеміз. 2030 жылға қарай әлем экономикасы бір ғана жасанды интеллектің арқасында 16 трлн долларға өседі. Ал криптовалюта, блокчейн технологиясы қаржы нарығын түпкілікті өзгертеді.

Санжар Кеттебеков, «Инновациялық технологиялар паркі» ДКҚ бас директоры: - Болашақта ақшаның бәрі криптовалютаға айналады деп болжап отырмын. Бірақ ол бүгінгі электронды қаражатқа ұқсамайтын болады. Биткоин секілді криптовалюталар түбегейлі өзгереді. Қазірдің өзінде көпшілік тарапынан бұл нарықты реттеу туралы ұсыныстар түсіп жатыр.

Жасын Біркенов, тілші: - Цифрландыру өмірдің сан саласына санаулы жылдардан кейін тұтастай сіңісіп кетеді. Тіпті сандық технология адам бойына енгізілуі де ғажап емес. Сонда көз өімрдің айнасына айналмақ. Кім біледі? Бұл енді уақыттың еншісінде. Бір анығы, цифрландыру киберқылмыстардың өсуіне әкеп соқтырады.

Киберқылмыс айылын жимай тұр. Былтыр бизнес үшін ең үлкен қауіп төндірген де осылар. 2017 жылы Петя атты вирус әлем компанияларына шабуыл жасап, айды аспанға бірақ шығарды. Алдымен Украина банктері, Харьков әуежайы мен Чернобыль атом электр станциясы жапа шекті. Кейін Ресейдің мұнай және қаржы ұйымдары да зардап көрді. Аргентина, АҚШ, Үндістан, Сербия, Израиль мен ЕуроОдақ елдері де хакердің ілмегіне түсті. Кибершабуылдарға құрығы ұзын компаниялар да төтеп бере алмай, дал болды.

Евгений Касперский, «Касперский зертханасы» АҚ бас директоры: - Цифрландыру әлем елдерінің дамуына тың серпін береді. Бірақ, сонымен қатар ол үлкен қауіп төндіреді. Қазірдің өзінде Троян секілді зиянды бағдарламалардың шабуылдары артып отыр. Бұл киберқылмыс, кибертыңшылық, тіпті кибертерроризм. Сандық технологияларды дамытып қана қоймай, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету амалдарын да ойлап табу қажет.

Жыл басынан бері қазақстандық сайттарға 100-ден астам шабуыл жасалды. 100-ден астам! Бұл ресми тіркелгендері ғана. Өйткені әдетте банкілер хакердің ілмегіне ілінгенін жарияламайды. Себебі беделін жоғалтқысы жоқ. Енді не істеу керек? Хакерлермен күресе алатын арнайы мамандарды даярлау қажет.

Олжас Сәтиев, Кибершабуылдарды сараптау және тергеу орталығының директоры: - Кадр тапшы. Бұл үлкен проблема. Өйткені университеттерде хакерлермен қалай күресу керегін үйретпейді. Әрі кетсе, вирусқа қарсы бағдарламаны орнатуды ғана меңгеріп қайтасыз. Сондықтан шетелдік хакерлерді оқу үрдісіне тартып, олармен тәжірибелік сабақтар өткізу қажет.

Цифрландыру дамудың дара һәм сара жолы екені анық. Енді сол жолмен жүру үшін Қазақстан әр қадамын өлшеп-пішіп жасамақ.

Авторлары: Ж.Біркенов, Ж.Битабаров, Ә.Сарғұлов

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: