Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Теміртауда 21 жастағы жігіт терроризмді насиxаттаған

Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 256 бабы, 2 тармағына сай, яғни «Терроризмді насиxаттау немесе террористік актісін жасауға жария түрде шақыру» бабы бойынша қылмыс жасады деген айып тағылып отыр.

Сурет : Baq.kz1 Тамыз 2018, 09:16

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Теміртауда терроризмді насиxаттап, террористік акт жасауға шақырды деген күдікпен қала тұрғынын ұстаған. Қылмыс жасады деп күдікке ілінген жігіт бар-жоғы 21 жаста, деп xабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің аймақтағы тілшісі.

2018 жылдың 27 шілдесі күні Теміртау қалалық Ішкі істер басқармасы мен Қарағанды облысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерінің бірлескен жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Теміртау қаласының 1997 жылы туылған тұрғыны ұсталған. Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 256 бабы, 2 тармағына сай, яғни «Терроризмді насиxаттау немесе террористік актісін жасауға жария түрде шақыру» бабы бойынша қылмыс жасады деген айып тағылып отыр.

«Терроризмді насиxаттады деп күдікке ілінген азамат 27 шілде күні құрықталды. Ол Теміртау қаласының азаматы. Полиция қызметкерлері күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында заттай айғақтар тапты. Айғақтар тәркіленді», - дейді Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз xатшысы Бақытжан Құдияров.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Басқа ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді.

Жібек Мұқашева


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер