Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ұлттық банк ипотекалық қарыз бойынша банктерге комиссия алуға тыйым салды

Комиссиялардың тізбесі 2016 жылғы 1 шілдеден бастап жасалған банктік қарыз шарттарына, яғни ол қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданылады.

Сурет : zhalagash-zharshysy.kz1 Тамыз 2018, 11:17

2018 жылғы 16 шілдеден бастап банктердің ипотекалық қарыз бойынша банк шотын жүргізгені үшін комиссия алғанына тыйым салу енгізілді. Бұл туралы zakon.kz Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Комиссиялар тізбесін оңтайландыру және қарыз алу және оған қызмет көрсету кезінде қарыз алушылардың шығыстарын қысқарту шеңберінде Ұлттық Банктің бастамасы бойынша 2018 жылғы 16 шілдеден бастап Банктер туралы заңға ипотекалық қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты банк шотын жүргізгені үшін банктердің комиссиялар белгілеуіне және алуына, сондай-ақ Заңның нормасы қолданысқа енгізілгеннен кейін (2018ж.16.07.) жеке тұлғалармен жасасқан ипотекалық қарыз шарттары бойынша банк шотына қарызды есепке алуға тыйым салу енгізілді.

Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес барлық жеке тұлғаларға қатысты қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты банк шотын жүргізгені үшін, сондай-ақ банк шотына қарызды есепке алу үшін комиссияларды жою туралы осындай норма қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында қамтылған.

Ұлттық Банк 2016 жылғы 30 мамырда Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесін бекіткенін азаматтардың есіне саламыз (2016 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді).

Комиссиялар тізбесі банктер өндіріп алатын комиссиялар санын айтарлықтай қысқартуға және оларды атаулары мен мағыналық мәндері бойынша бірегейлендіруге мүмкіндік берді, бұл қарыз алушылар үшін оларды барынша түсінікті етті.

Комиссиялардың тізбесі 2016 жылғы 1 шілдеден бастап жасалған банктік қарыз шарттарына, яғни ол қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданылады.

Бұл ретте, жеке тұлғалармен 2016 жылғы 1 шілдеге дейін жасалған банктік қарыз шарттары бойынша банктер, Банктер туралы заңның 39-бабына сәйкес, банктік қарыз шартында көрсетілген және Операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы қағидаларда белгіленген комиссияларды алуға құқылы.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер