ШҚО-да жас жігіттер 90-дағы зейнеткерді қорқытып ақшасын алып кеткен

altaynews.kz altaynews.kz
Тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы уақытта «қарияны соққыға жығып, тонап кетті» деген ақпараттар баспасөз беттерінде көптеп жарияланып жүр деп жазады Алтайньюс.

Әсіресе, аяқ-қолы балғадай жас азаматтардың осындай бұзақылыққа барып жатқандары ішті қынжылтады. Қазақстанда мұндай оқиғалар жиілеп кетті.

Күні кеше ғана Зырян ауданында тепсе темір үзетін екі жас жігіт 90 жастағы зейнеткерді пышақпен қорқытып, 70 мың теңгесін ұрлап, қашып кеткен.

Бірақ көп уақыт өтпей, яғни бір күннің ішінде екеуін де құқық қорғау органдары қолға түсірді. Ер адамдар ақшаны жұмсап үлгермеген екен. Тәртіп сақшылары тез арада ол қаражатты иесіне қайтарып берген.

Қазіргі таңда тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз