Жаңалықтар тізбегі
0

Елордада креативті жаңа гүлзарлар пайда болды

elorda.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2018 18:12 elorda.info
Қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының мамандары жаңа гүлзарлардың ерекшеліктері туралы айтып берді.

Астанада «Шабандандар саябағы» мен «Иллюзиялар гүлзары» салынды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының мамандары жаңа гүлзарлардың ерекшеліктері туралы айтып берді.

Жаңадан салынған креативті гүлзардың бірі Сарыарқа ауданында Біржан сал көшесі, 5 үй мен Республика даңғылы мен Ы.Дүкенұлы көшесінің қиылысында орналасқан.

«Гүлзардың аумағы толығымен абаттандырылып, жарықтандырылды, спорттық және балалар алаңдары орнатылған. Сәулеттік кеңістік құрылымының арқасында әрбір гүлзардың өзіне тән қайталанбас стильге ие», - деді басқарманың маманы Ерасыл Сембаев.

Республика даңғылы мен Ы.Дүкенұлы көшесінің қиылысында орналасқан шағын саябақ «Иллюзиялар гүлзары» деген атауға ие. Мұнда скейтдром, оптикалық иллюзияны жасау үшін қолданылатын қисық формадағы Эймс бөлмесі, сырғанақ төбешігі және балалар алаңы бар.

Ал Біржан сал көшесі, №5 үй мекен-жайында орналасқан гүлзар «Шабадандар бағы» деген атауға ие болды. Себебі, ол теміржол вокзалына жақын орналасқан. Бақ аумамағында шабадан формасында жасалған кіші сәулет формалары орнатылған. Жоба авторлары балаларға арналған темір жолын салуды жоспарлаған. Ал құрылысшылар автордың ойын жүзеге асыру үшін арнайы темірден рельс жасады.

Басқарманың табиғатты қорғау жобаларын басқару бөлімінің басшысы Азамат Жанатаевтың айтуынша, жаңа бақтың орнында бұрын апаттық жағдайдағы сарай типіндегі бір-екі қабатты ескі үйлер болған.

«Жобалар креативті, білгілі тақырыпқа арналған. Бұл жердің құрылысы 2018 жылдың мамыр айында басталды. Вокзал маңындағы бақ вокзал түрінде жасалған. Гүлзарлар үлкен емес, Иллюзиялар гүлзары - 2765 шаршы метр, ал Шабадандар паркі 2293 шаршы метр. Екі жобаның құны шамамен 130 млн теңге», - деді А.Жанатаев.

Бұдан бөлек, биыл қыркүйек айында Сарыарқа даңғылы 27 үйдің маңында «Тастар гүлзарының» құрылысы аяқталады.

Бақтың аумағы 2304 шаршы метр. Құрылыс жобасының құны шамамен 55 млн теңге. Бұл аумақ түрлі көлемдегі үлкен тастармен безендіріледі. Транзиттік аймақ демалысқа арналған үш алаңға бөлінеді.

Бір жағында түрлі спорттық жабдықтары бар спорт алаңы, ортасында алып тастар болады. Ал үшінші жағында тамақтану мен сауда павильондары олады деп жоспарланған

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: