Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда 160 көше жөнделді

www.almaty.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2018 22:37 www.almaty.gov.kz
Алматы әкімі Бауыржан Байбек күнделікті жұмыс сапары кезінде мегаполистің көлік және жаяу жүргінші инфрақұрылымын жаңғыртудың барысын тексерді.

Былтырғы жылдан жалғасып келе жатқан қаланың тарихи орталығын қайта жасау аясында жаңарған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев және «Астана» алаңымен қоса Алматының бірқатар даңғылдарында күрделі жөндеу жұмыстары жүруде деп хабарлайды zakon.kz, Алматы қаласы әкімінің ббаспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Биылғы жылы Абай, Абылай хан, Назарбаев, Достық, Желтоқсан даңғылдары, Абай алаңы мен «Алматы-2» теміржол вокзалының алды қайта жасалуда. Қазіргі кезде мұнда жүргінші аймақтарын кеңейту, реконструкциялау және жаңа фонтандар салу, кіші пішінді сәулет формалары мен көшенің заманауи жиһаздарын орнату, көлеңкелі кеңістіктерге жапырақты ағаштар отырғызу, бұрынғы жасыл желекті сақтап қалу жұмыстары жүруде.

Бұлардан өзге, аталған учаскелерде инженерлік желілер толық ауыстырулда, кеспе тастар төселіп, арықтар, суару жүйелері жаңалануда, нысандардың сыртқы келбеттері өзгеруде. «Қауіпсіз қала» аясында бұрынғы ескі жарықтардың орнына заманауи иодты шырақтар орнатылуда.Реконструкцияланған көшелерге заманауи бағдаршам кешендері қойылады және көше бұрылыстарындағы барлық ескі металл конструкциялар жойылады. Мердігерлік ұйымдар жаяу жүргінші қозғалысын қиындататын қолданылмайтын конструкцияларды, көптеген діңгектерді, қоршаулар мен заңсыз салынған құрылыстарды алып тастауда.

Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында фонтандар мен электр жарықтарын монтаждау басталады. Бұдан өзге, оған жақын орналасқан «Арман» кинотеатрының фасады жаңарып, «Қазақстан» қонақ үйіне түнгі жарық орнатылады. Ал «Алматы-2» теміржол вокзалының маңында қауіпсіздікті ұйымдастыру мақсатында көлік логистикасы түгел қайта қаралып, жасыл желек ұлғаяды.

Жалпы, қала көшелерін жөндеу барысында аулаға баратындай етіп жаңа тротуарлар салынады, ал бұл жаяу жүргіншінің қауіпсіздігін күшейтеді.

Дәл осы күні Бауыржан Байбек Алматының тығыз орналасқан аудандарын қамтитын Тимирязев көшесі бойындағы жүрдек автобус дәлізі құрылысының барысын тексерді.

Көшелерді реконструкциялаумен қатар мұнда тротуарларды, арықтарды, веложолдарды жөндеу, инженерлік желілерді қайта орналастыру, заңсыз құрылыстар мен қоршауларды алып тастау қатар жүруде. Қозғалыс бөлігіндегі жол-құрылыс жұмыстарын биылғы жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар BRT дәлізінде автомобильдерді болдырмау шаралары жасалуда. Қазіргі кезде қаланың барлық аудандарында 160 көшені жөндеу аяқталып қалды, кіші айналма жолда көлік өткізу қабілетін арттыру үшін жаңа үш жол айрығы салынуда, қозғалыс аумағын кеңейту үшін тармвай жолдары алынуда, қаланың сегіз ауданында біржақты қозғалыс ұйымдастырылуда.

Жұмыс сапары барысында мегаполис басшысы Назарбаев даңғылынан Жансүгіров көшесіне дейінгі үңгілеу жұмысымен танысты, ал бұл Сейфуллин даңғылында « Солүстік- Оңтүстік» бғытындағы көлік жүктемесін азайтады.

Қазіргі кезде мұнда барлық діңгектерді (бағандар, қабырғалар және басқалары) орнату жұмыстары толық аяқталған, сатылы іргетас қондырғысы жасалуда. Сонымен қатар эстакаданың металл жақтауын, қоршауларды, су құбырларын қайта жасау, қорғаныс қабырғасын салу жұмыстары жүруде.

Айта кетерлігі, осы жазда Алматыда ұзындығы 160 км болатын 150–ден астам көше жаңарды, барлық жер асты өтпелі жолдар күрделі жөнделуде. Орталықтандыру қағидасы бойынша қаланың барлық аудандары абаттандырылуда. Егер өткен жылы 500 аула жөнделсе, биылғы жылы қаланың барлық аудандарында тағы да 600-ден астам аула жаңарады.

Соңғы жылдары мегаполисте 800 км инженерлік желі, соның ішінде 313 км су құбыры, 266 км канализация, 150 км электер және 32,3 км жылу желілері қайта жасалды, жөнделді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: