Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда бәйге мен көкпардан өтетін жарысқа 1 миллион теңге тігіліп отыр

Рavlodarnews.kz , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2018 16:02 Рavlodarnews.kz 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге демеушілердің қолдауы арқылы автокөлік және қаржылай сыйлықтар табыс ету қарастырылған.

Павлодарда 2018 жылы 11 тамызда «Құлагер» ипподромында сағат 11.00-де Құрылысшылар күніне арналған ұлттық ат спорты түрлерінен бес қашықтық бойынша жарыстар өтеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Жарыс түрлері: аламан бәйге, тоқ бәйге, құнан бәйге, жорға жарысы және көкпар.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге демеушілердің қолдауы арқылы автокөлік және қаржылай сыйлықтар табыс ету қарастырылған.

Бұл күні жергілікті бишілер мен музыкалық ұжымдар өнер көрсетеді.

Жаппай көкпар түрі бойынша жарыста 50-ден астам спортшы қатысады.

Жалпы жүлде қоры - 1 миллион теңгеден асады. Ұйымдастырушы - облыстық ұлттық ат түрлері бойынша спорт федерациясы.



zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: