Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Теміртауда 2 жасар қызын анасы тастап кетті

Жас ана белгісіз әйелге өзінің маңызды кездесуге баратынын айтып, қызын қарай тұруын өтінген.

Сурет : sn.kz3 Тамыз 2018, 11:27

Теміртауда 2 жасар қызын анасы тастап кетті, деп жазады Sn.kz.

Қорғаншылық және қамқоршылық көрсету орталығының басшысы Жұлдыз Арилинаның айтуынша, жас ана белгісіз әйелге өзінің маңызды кездесуге баратынын айтып, қызын қарай тұруын өтінген. Содан кейін қызын алып кетуге келмепті.

«Қыздың анасын әйел біраз уақытқа дейін күткен. Келмеген соң полицияға хабарлаған. Құқық қорғаушылар келіп, қызды ауруханаға жеткізді. Әйел болса жас ананы өзі де іздестіруге көшкен. Сәбиді анасына қайтармаймыз. Егер баласын бағуға жағдайы жоқ болса, онда өз қамқоршылығымызға аламыз» – дейді Жұлдыз Арилина.

Мамандардың айтуынша, тастанды сәбидің денсаулығы жақсы. Жақын күнде оны балалар үйіне апаратын болады.

Полиция көкек ананың 1992 жылғы Қарағандының тумасы екенін анықтады. Оған хабарласып, қызын алып кетуін айтқан. Алайда, жас ана қызы екеуінің құжаттары жоқтығын алға тартыпты. Ендігіде жас ана әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер