Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

ШҚО-да еш бүлінбеген қалпы сақталған тағы бір “Алтын адам” табылды

Бұл – Шығыс Қазақстан жерінен табылған бесінші «Алтын адам».

Сурет : altaynews.kz6 Тамыз 2018, 12:18

Дәл қазір Өскеменде Тарбағатай ауданының Елеке сазы жайлауында жүргізілген археологиялық зерттеулердің алғашқы нәтижелері БАҚ өкілдеріне таныстырылуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл – Шығыс Қазақстан жерінен табылған бесінші «Алтын адам». Қазба жұмыстарына жетекшілік еткен академик Зейнолла Самашев табылған «Алтын адамның» еш бүлінбегенін айтады. Барлық алтын бұйымдар сол күйінде сақталған.

«Бұл – біздің заманымызға дейінгі VIII ғасырға жататын Ерте сақ дәуірінің мұрасы. Есік қорғанынан табылған «Алтын адамнан» да көне. Екеуінің арасында 3 ғасыр айырмашылық бар. Осылайша араға 50 жыл салып қазақ даласынан екінші рет тоналмаған «Алтын адам» табылды» – дейді археолог.

Елеке сазында жерленген адамның жасы 16-17 жас мөлшерінде деген болжам бар. Оның қасына ересек адам қойылған екен. Археологтың айтуынша ол қатты тонауға түскен. «Ал бозбаланың мүрдесін тонаушылар байқамаса керек» – дейді ғалым.

Еске сала кетейік, біз осыған дейін Шығыс Қазақстанда Алтын адамның табылғаны туралы жазған болатынбыз.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер