Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Тарбағатайдың “тасбақасына” туристер таң қалып жүр

Тарбағатай тауының қойнауында осы «Тасбақа» тәрізді мүсіндер мен таудың таңбалы тастары жетерлік.

Сурет : altaynews.kz6 Тамыз 2018, 12:59

Қар кетіп, жаз шыға Тарбағатай тауына ағылған жұрттың ең алдымен барып, тамсанар жерінің бірі – «Тасбақа» мүсіні. Мұнда әсіресе, жаз айларында адам қарасы көптеп саналады деп жазады Алтайньюс.

«Таскескен-Бақты» күре жолынан Тарбағатай тауының қойнауына қарай 3-4 –ақ шақырым жерге орналасқан табиғаттың тамаша құбылысы- мүсін-тас Барқытбелдің қойнауына орналасқан. Мыңдаған жылдардан бері өз құпиясын бүгіп жатқан тау қойнауы мұндай жұмбақ мүсіндер мен таңбалы тастарға өте бай. 2000 жылдардың басында сол кездегі премьер-министр Иманғали Тасмағамбетовтың тікелей мұрындық болуымен арнайы экспедиция ұйымдастырылғаннан бері жиырма жылға жуық уақыт өтті. Кеңес одағы тұсында шекаралық аймақ болғандықтан, көп сыры ашылмай құпия күйінде қалған Тарбағатайдың таңбалы тастарына зерттеу жүргізетін уақыт келді. Ал«Тасбақа» тау аралаған саяхатшыларды өзіне шақыратын, бірден-бір саяхат алаңы.

Тарбағатай тауының қойнауында осы «Тасбақа» тәрізді мүсіндер мен таудың таңбалы тастары жетерлік. Туған жердің осындай жұмбақ тастары мен құпияларын жас өркенге аралатып, таныстыру бүгінгі ұрпақтың міндеті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер