Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қызылордада 3 сағат жұмыста себепсіз болмаған мемқызметші жұмыстан шығарылды

Бүгінгі таңда, Қызылорда облысында штат бойынша 3737 қызметшінің орнына 3588 мемлекеттік қызметші жұмыс жасауда.

Сурет : Baq.kz7 Тамыз 2018, 10:13

Қызылорда облысында жыл басынан бері теріс себептермен 5 мемлекеттік қызметші атқарып отырған қызметінен босатылған6 деп хабарлайды Baq.kz ҚР МҚІЖҚКА Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биылғы алты айдағы теріс себептермен қызметтен босатылғандардың 2-уі сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін, 2-уі мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары үшін және 1 мемлекеттік қызметші дәлелді себепсіз 3 сағаттан астам уақыт жұмыста болмағандығы үшін қызметтен қуылса, былтырғы жылдың алғашқы алты айында 17 мемлекеттік қызметші теріс себептер бойынша жұмыстан босатылған болатын», - деді ҚР МҚІЖҚКА Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов баспасөз конференциясында.

Айта кетейік, бұл өткен жылдың І-ші жартыжылдығымен салыстырғанда 3,5 есе аз.

Сондай-ақ, облыс бойынша жыл басынан бері 48 мемлекеттік қызметші, оның ішінде басшы құрамдағы 14 қызметші өз өтінішіне сәйкес қызметтен кеткен.

Бүгінгі таңда, Қызылорда облысында штат бойынша 3737 қызметшінің орнына 3588 мемлекеттік қызметші жұмыс жасауда.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер