Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Алтынды күміспен бірге тағу неге қауіпті?

Алтын мен күміс арасындағы кереғарлық айналаңыздағы адамдарға да әсер етеді.

Сурет : massaget.kz7 Тамыз 2018, 10:46

Биоэнергетикамен таныс емес адам да күміс пен алтынның бір-біріне сәйкеспейтінін сезіп жатады. Өйткені қымбат металдардың емдік қасиеттері біріккен кезде дұрыс жұмыс істемей қалатыны бар. Мәселен, оларға алтын мен күмісті жатқызуға болады. Себебі олар бір-біріне керағар әрекеттер жасайды, деп хабарлайды qarmaqshy-tany.

Күміс алтынды бүлдіреді
Алтын — жұмсақ металл. Физикалық қасиеті жағынан күміске кереғар екені белгілі. Күміс пен алтынды тағудың ең көзге көрінер қаупі — алтынның тез мүжілуі. Егер мойныңызға екі бірдей күміс не алтын алқа тақсаңыз, күміс мықты болғандықтан, алтынды мүжіп, жұқартып жібереді. Егер сіз әр түрлі металдан жасалған бұйымдарды таққыңыз келсе, олар денеңізде бір-біріне тимеуі тиіс. Себебі бұл жүйке жүйесінің қысымына алып келеді.
Алтын бұйымдар динамикалық энергетикалық құрылымға ие, ал күміс бұйымдар қолайлы әрі біркелкі болады. Осындай кереғарлықтан кейін де металдардың позитивті құрылымы теріс құрылымға айналып кетуі де ғажап емес.
Сіз алтын мен күмісті бірге тақсаңыз, ашуланшақ болып кетуіңіз мүмкін. Мұның қауіптілігі де сонда, мәселен сіз жақын адамдарыңызбен көшеде, жұмыста, көлікте ренжісіп қалуыңыз мүмкін. Мұндай қосынды адамның өзіне байқалмаса да жүйке жүйесін әлсіретеді. Сонымен қатар сізден адамдарды алшақтатып тұрады.

Алтын мен күміс арасындағы кереғарлық айналаңыздағы адамдарға да әсер етеді. Жақындарыңыз, достарыңыз, әріптестеріңіз сіздің қасыңызда өздерін жайсыз сезінеді. Мұндай жағдай орын алмас үшін металдарды әрдайым бөліп тағыңыз.

Сіздің әлсіздігіңіз бен кемшіліктеріңіз дәл осы кереғар металдарды таққан кезде анық көріне бастайды. Сіз тіптен қызғаншақ, ренжігіш, екіжүзді болып көрінуіңіз де ғажап емес. Бұл әсіресе сізді бұрыннан танитын адамдарға қатты сезіледі. Жаңа адамдармен де танысу өте қиынға соғатыны анық. Демек сізді келеңсіздікке итермелейді.

Білетініңіздей, алтын сізде көз тию немесе жаманшылықтың бар екенін анықтап бере алады. Алайда мұның бәрін тек қана күміс емдей алады. Ал екі металды бірдей тағу бұл қорғаныстың жойылуына әкеп соқтырады.
Мәселен, сіздің қасыңызда энергиясы мықты қансорғыш болса, сіз оның жемтігіне айналуыңыз әбден мүмкін. Бұл сіздің компанияңызда сізге жамандық ойлайтын адамның болуымен де өлшенеді. Сіз теріс энергетикалық толқынмен уланып, бұл сіздің ойыңызда, ісіңізде, арман-мақсатыңызда көрініс табуы ықтимал.

Алтын мен күмісті бірге тағу аурудың тууына да әсер етуі мүмкін.

Күміс пен алтынның қосындысы сіздің иммунитетіңізді түсіреді. Егер сіз алтын және күміс әшекейлерді бірге тақсаңыз, ауру тәуекелі жоғарылай түсетіні белгілі. Күміс иммунитетті көтереді, алайда алтын оны кері жұмыс істеуге итермелейді.

Алтын мен күмісті бірге көктем мен күз айларында, яғни вирусты аурулардың таралымы кезінде тақпауға тырысыңыз. Екі металды бірге тағатын көптеген адамдар әлсіздік пен дімкәстікке шалдығады. Екі қарама-қарсы энергетикалық күштің қосындысы адам бойындағы физикалық және эмоционалды шыдамдылықтың жоғалуына алып келеді.

Бізді қоршаған энергетиканың маңызын түсіну үшін биоөрістің не екенін ұққан дұрыс. Әр адамда көзге көрінбейтін энергетикалық қабат бар, ол әлсіреуі немесе күштірек болуы мүмкін. Алтын мен күмістің бірге жүруі дәл осы қорғаныстың өз жұмысын тоқтатуына әсер етеді. Сол себепті де екі металдың байланысы өте қауіпті.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер