Жаңалықтар тізбегі
0

Көкшетауда автокөлік айнасын ұрлаған күдікті қолға түсті

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2018 17:48 www.inform.kz
Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Көкшетау полицейлері бейнебақылау камерасы арқылы «Volkswagen Passat» автокөлігінің айнасын ұрлап бара жатқан күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің дерегі бойынша тамыздың 6-сы күні Көкшетау қаласының ІІБ ЖБО бейнебақылау инспекторы түнгі сағат 01:00 кезінде қаланың орталық көшесімен қолында күдікті зат ұстап бара жатқан ер адамды байқап қалған. Кейін сол аумаққа ІІБ ЖПҚ жол патрульдік полиция батальонының экипажы бағытталады.

"Күдіктінің қолындағы затты тексеру кезінде екі АКБ-60 автокөлік айнасы мен автомагнитолла екені анықталды. Кейін оны күдікті үй аулаларының бірінде тұрған «Volkswagen Passat» автокөлігінен ұрлап алғаны белгілі болды. Арада бірнеше сағат өткен соң көлік иесі де Көкшетау қаласының ІІБ кезекшілік бөліміне хабарласып, көлік айнасы мен автомагнитолласының қолды болғанын айтып шағымданды. Көлік иесіне келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құрады", деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кету керек, жыл басынан бері өңірде бейнебақылау камерасының көмегімен 72 қылмыстың беті ашылған. Ал арнайы «102» телефон нөміріне 79688 ақпарат түскен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: