Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Жапонияда аптап ыстық салдарынан 70 мың адам ауруханаға жатқызылды

Қазір күншығар елдегі ауа температурасы 34-35 градустан төмен түспей тұр,

Сурет : ҚазАқпарат7 Тамыз 2018, 12:23

Жапонияда аптап ыстық басылмай тұр. Мамырдан тамызға дейінгі аралықта ауруханаға жатқызылғандардың саны рекордтық межеге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Жапония Әкімшілік істері және коммуникация министрлігінің мәлімдеуінше, өткен үш аптада 71 266 адам басынан күн өтіп ауруханаға жатқызылған. Бұл 2013 жылғы рекордтан 15 мыңға артық. Бір жеті бұрын кем дегенде 39 адам қайтыс болды, 13,7 мың адам күн өтіп, ауруханаға түскені хабарланған болатын.

Қазір күншығар елдегі ауа температурасы 34-35 градустан төмен түспей тұр, кейбір өңірлерде термометр бағаны тіпті 40 градусты көрсетіп жатыр.

Былтыр Жапонияда аптап ыстық салдарынан 44 адамның өмірі қиылып, ондаған мың адам ауруханаға жатқызылған еді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер