Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Жамбыл облысында жөнделген жолдардың сапасы сын көтермейді

Шу ауданының кіреберіс жолы 147,8 шақырымды құраса, ішкі көше жолдары 505 шақырым.

Сурет : www.24.kz7 Тамыз 2018, 14:35

Жамбыл облысында биыл жол жөндеу жұмыстарына 10 миллиардтан астам қаржы бөлінген. Десек те өңірдегі тасжол жағдайлары сын көтермей отыр деп жазады Хабар 24 арнасы.

Мәселен, Шу ауданына тиесілі 878 мың шақырымды құрайтын автомобиль жолдары жыл сайын жөндеуден өткенімен, нәтиже жоқ. «Тиімді бөлінген қаржы, тиісті мақсатта жұмсалмай отыр» деген тұрғындар мен көлік жүргізушілері жергілікті қоғамдық кеңес мүшелері мен аудандық мәслихат депутаттарына шағымдарын жеткізді.

Шу ауданының кіреберіс жолы 147,8 шақырымды құраса, ішкі көше жолдары 505 шақырым. Үстіміздегі 2018 жылы ауданның жалпы жолдарын жөндеуге 318 миллион теңге бөлінген. Соның бірі Төле би ауылындағы Балуан Шолақ көшесі. Бұл жолға 68 миллион қаржы қарастырылып, мердігер компания орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Десекте халықтың жасалып жатқан жұмыстың сапа жағына наразылығы бар.

Малик Мамедгасанов, Жаңа жол ауылының тұрғыны: - Жаңа жол мен Белбасардың арасында екі жыл болды жол жоқ. Біздің жүруіміз мүлде қиындап кетті. Дөңгелектер желініп, шетінен жарылуда. Мүлдем жол жоқ десем болады. Биыл жолды жөндеуді бастады. Бірақ жолдың сапасы мүлдем нашар.

Осылайша, іс бітті, қу кетті деп құтылмақ болған мердігерлерге жергілікті билік өкілдері тосқауыл қойды. Шала атқарылған жұмысты бей-жай қалдырмай, қоғамдық кеңес мүшелері мен аудандық мәслихат депутаттары қайта тексеріп, жиын өткізбекші.

Ерболат Досымбаев, Шу аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы: -Екі жағынан бір метрден «шиповый» жоқ. Жол шашылып жатыр. Арғы жағында да қиыршықтас, мына жақта да қиыршықтас, сапасыз битум. 68 миллион, 1 шақырымға 10 миллион дейді, сонда бұны не дейміз?

Қазір Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының мамандары сыннан қорытынды шығаруға бел буды. Нәтижесінде мердігермен бірлесе отырып кеткен кемшіліктерді тамыз айының аяғына дейін түзейміз деп отыр.

Авторлары: Қырмызы Жексенбек, Ахан Әбілқайыр, Бахытжан Бапаев


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер