Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Анджелина Джоли Брэд Питті сотқа берді

Танымал актрисаның адвокатының айтуынша, оның бұрынғы күйеуі Брэд Питт ортақ балаларын асырауға ақшаны толық көлемде төлегісі келмей отыр.

Сурет : v.img.com.ua8 Тамыз 2018, 09:19

Голливуд жұлдызы, актриса Анджелина Джоли актер Брэд Питт алиментті толық көлемде төлегісі келмей отырғанын мәлімдеп, оны сотқа берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Анджелина Джоли мен Брэд Питт "бітіспес келіспеушіліктің" салдарынан 2016 жылы ажырасып кеткен болатын. Жұлдызды жұптың алты баласы анасымен бірге қалды. Некені бұзу процесі әлі жүріп жатыр.

Джолидің адвокаты мәлімдегендей, Брэд Питт ажырасқалы бері балаларды асырауға ешқандай қомақты қаржы аудармаған. Қанша төлегені хабарланбай отыр.

Телеарна атап өткендей, Питке жақын адамдардың бірі актер барлық алиментті уақытылы төлеп келе жатқанын мәлімдеген.

Сондай-ақ, TMZ порталының мәліметінше, Анджелина Джоли соттан Питпен некені бұзу процесін барынша жылдамдатуды сұраған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер