Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда қоғамдық орында шылым шеккен қыз үшін анасы жауапқа тартылды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2018 22:47 ҚазАқпарат
Сот отырысында анасы өзінің кінәсін мойындап, кәмелетке толмаған қызымен сөйлесетінін айтты.

Атырауда қоғамдық орында шылым шеккен қыз үшін анасы жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 435-бабы бойынша А.А-ға қатысты қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

«Іс бойынша А.А-ның кәмелетке толмаған 2003 жылы туған қызы Б.Б. қоғамдық орында, яғни Геолог поселкесінде орналасқан автотұрақта темекі шегіп, темекінің қалдығын жерге тастаған. Сондай-ақ ол айналасындағыларды сыйламайтынын білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған. Сот отырысында А.А. өзінің кінәсін мойындап, кәмелетке толмаған қызымен сөйлесетінін айтты. Алдағы уақытта ондай бұзақылық қайталанбайтыны туралы түсінік берді. Кешірім сұрап, өкініш білдірді», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Айта кетелік, кәмелетке толмаған Б.Б. өзінің кінәсін мойындап, темекі шегіп, темекінің қалдығын жерге тастағанын растады. Алдағы уақытта қоғамдық тәртіпті сақтайтынын айтты. Сондай-ақ, азаматша А.А. ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабымен кінәлі деп танылып, оған 11 785 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: