Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қостанай облысында әйел әжетханада босанып, баласын шелекке тастап кеткен

Жас келіншек жүктілігін жасырып, жаңа туған баласын әжетханаға тастап кетті.

Сурет : akamaized.net13 Тамыз 2018, 10:30

Қостанай облысының Затобол елді мекеніндегі ауруханада науқастарды қабылдау бөлімінің пациенті әжетханаға кетіп, сол жерде босанып қалған. Жүктілігін жасырып жүрген әйел нәрестені шелекке тастай салыпты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Белгілі болғандай, ішім ауырды деген 27 жастағы әйел ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер одан анализ тапсыруды өтініп, әжетханаға жіберген. Біраз уақыттан кейін ол әжетханадан шыққан, алайда дәрігерлер әйелдің іс-әрекетінен күдіктеніп қалады. Нәтижесінде әжетхана шелегінен жаңа туған нәрестені тауып алған.

"Әйел әжетханаға кетіп, сонда босанған. Нәрестені шелекке тастай салған. Дәрігерлердің қырағылығының арқасында баланың өмірі құтқарылды. Оған барлық қажетті көмек көрсетілді ", — деді Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері Юрий Моисеев.

Оның айтуынша, әйел мен бала Қостанай облыстық ауруханасына жеткізілген. Олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Жаңа туған баланы қауіпті жағдайда қалдыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер