Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Түркістан облысында болған жол апатынан 10 адам зардап шегіп, бір адам көз жұмды

ЖКО салдарынан Өзбекстан азаматы оқиға орнында қайтыс болды.

Сурет : today.kz13 Тамыз 2018, 16:59

Түркістан облысында болған жол апатынан 10 адам зардап шегіп, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Today.kz аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 тамызда шамамен 17 сағат 30 минутта Алматы-Ташкент-Термез тасжолында Шымкенттен Сарыағашқа бет алған автобус жүк көлігінің артқы жағымен соқтығысқан. Нәтижесінде, ЖКО салдарынан Өзбекстан азаматы оқиға орнында қайтыс болды.

Сондай-ақ, ЖКО-нан 10 адам зардап шеккен, олар автобустың жүргізушісі мен жолаушылары, үшеуі Қазақстан азаматы және жеті Өзбекстан азаматтары түрлі деңгейдегі жарақаттарымен Түркістан облысындағы Қазығұрт және Сарыағаш аудандық ауруханаларына жеткізілді.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабымен СДТБТ-не тіркелді. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, нәтижесімен процессуалдық шешім қабылданатын болады. Автокөліктер айып тұраққа қойылды.

Полиция қызметкерлер жол апатының себептерін анықтауда.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер