Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Назарбаевқа алдағы сессияда қарастыратын заң жобалары жұмыстарының жоспарын баяндады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2018 22:58 Ақорда
Алдағы сессияда экономика саласына қатысты ауқымды заң жобаларын және бірқатар халықаралық құжаттарды қарастыру жоспарланған.

Елбасы Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Парламенттің жоғары палатасының VI шақырылымы үшінші сессиясының негізгі қорытындылары мен алдағы сессияда қарастыратын заң жобалары жұмыстарының жоспары баяндалды.

– Алдағы сессияда экономика саласына қатысты ауқымды заң жобаларын және бірқатар халықаралық құжаттарды қарастыру жоспарланған. Үкімет көптеген заңнамалық бастамалар әзірлеп жатыр. Бізге солармен жұмыс жасау қажет. Сонымен қатар, бұған дейін қабылданған инфрақұрылымдық және индустриялық даму бағдарламаларын, Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыра береміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев өткен сессиясының қорытындысы бойынша Сенат депутаттары салық, кедендік реттеу, бюджеттік басқару және басқа да салаларға қатысты 84 заң қабылдағанын мәлімдеді.

Қазақстан Президенті Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі Конвенцияны ратификациялауға байланысты өткен Каспий маңы мемлекеттерінің Бесінші саммитінің нәтижелеріне арнайы тоқталды.

– Бес мемлекеттің басшылары 20 жыл бойы талқылаған Каспий теңізінің конвенциясына қол қойды. Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысын одан әрі дамытуға, өңірде жаңа жұмыс орындарын ашып, қызмет көрсету және туризм салаларын ілгерілетуге септігін тигізетін бұл шешімнің зор маңызын бүкіл халықаралық сарапшылар атап көрсетуде, – деді Мемлекет басшысы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: