Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Үндістан 2022 жылға дейін ғарышқа өз өкілін жібереді

Биылғы салтанатты шара елдегі сайлау науқанымен тұспа-тұс келіп, үкімет басшысы өз партиясының келешек бағдарламасын паш етті.

Сурет : 24.kz16 Тамыз 2018, 10:56

Бұл туралы премьер-министр Нарендра Моди кеше тәуелсіздік күніне орай сөйлеген сөзінде атап өтті, деп хабарлайды Хабар 24.

Мәселен, биылғы салтанатты шара елдегі сайлау науқанымен тұспа-тұс келіп, үкімет басшысы өз партиясының келешек бағдарламасын паш етті. Онда премьер-министр үнділердің әл-ауқатын жақсартуға күш салып, денсаулық сақтау саласын реформалауға және ғарышты бағындыруға уәде етті.

- Алдағы уақытта халқымыздың ұлдары мен қыздары қолына еліміздің үш түсті туымен ғарышқа аттанатын болады. Ұлтымыздың бұл арманы тәуелсіздігімізге 75 жыл толғанға дейін жүзеге асуы тиіс, - дейді Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди.

Айта кетейік, Үндістан 1947 жылы 15 тамызда Ұлыбританиядан егемендігін алған болатын. Содан бері елде бұл күн кеңінен атап өтіледі. Ал келесі жылдың көктем айында жалпыға ортақ сайлау өтуі тиіс. Модидің ойынша, алдағы саяси додада оның партиясы 2014 жылғы сайлаудан да жақсы нәтиежеге қол жеткізеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер