Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Таиландта оқушылар мен студенттерге құшақтасуға тыйым салынды

Таиландта ерлі-зайыптылардың өзі көпшілік жерде құшақтаспауға, сүйіспеуге тырысады.

Сурет : sputniknews.kz17 Тамыз 2018, 12:24

Таиланд министрлер кабинеті оқушылардың тәртібіне қатысты жаңа өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылым Таиланд Қызыл Крест жастар қозғалысы және оқушылар ісі бойынша мемлекеттік бюроның директоры Варат Прыаксакуннанның сұхбатынан үзінді келтірді. Оның айтуынша, жігіттер мен қыздардың бет сүйісіп көрісуі, құшақтасуы көзге оғаш болып көрінеді. Яғни оқушылар осы кезде оғаш әрекеттер жасайды. Шенеунік, сондай-ақ, осы сұхбатында Әулие Валентин күнін атап өту кезінде де тәртіп қадағалануы тиіс екенін айтып өтті.

Таиландта ерлі-зайыптылардың өзі көпшілік жерде құшақтаспауға, сүйіспеуге тырысады. Әрі кетсе тек қол ұстасып жүре алады. Десе де, бұл жазылмаған ереже көбінесе ауылды елдімекендерде ғана сақталады. Ал қалалық аймақтарда еркіндікке жол береді.

Бұл ережелер арнайы Royal Government Gazette басылымында жарияланған соң заңды күшіне енетін болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер