Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда мемлекеттік бағдарламалар аясында 17 694 пәтер берілген

baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2018 20:35 baq.kz
Компания жалға берілетін тұрғын үйді салу, сатып алу және бөлу бойынша белсенді қызметін 2015 жылы бастады және Бағдарламаға сәйкес 2018 жылы аяқтайды.

Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» АҚ басқарушы директоры Еркін Сыздықов айтты, деп хабарлайды Вaq.kz.

Оның айтуынша, «Нұрлы жер» бағдарламасының («Қолжетімді баспана - 2020», Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы және «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық дамыту бағдарламасы – «Нұрлы жер» бағдарламасына біріктірілді) негізгі операторларының бірі ретінде, Қазақстан Ипотекалық Компаниясы, Құрылысшылар күнінің қарсаңында сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін тұрғын үйдің 1 миллионнан астам шаршы метрін пайдалануға берді (жоспар бойынша 2018 жылдың соңына дейін 972 мың ш.м.). 10 тамызда пайдалануға енгізу бойынша актіге қол қойылды.

Егер пәтерлік баламада айтатын болсақ – бұл 4 жылдың ішінде 17 694 пәтер.

Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді бөлуді іске асыру компанияның әлеуметтік маңызы бар бағыттарының бірегейі болып табылады, өйткені тұрғын үйді басқа әдістермен, соның ішінде ипотека арқылы сатып алуға табысы жеткіліксіз азаматтарға (жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған адамдарға) тұрғын үй сатып алу мүмкіндігін ұсынады. Бағдарлама халықтың әлеуметтік осал топтарын, көп балалы және толық емес отбасыларды, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасыларды, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, оралмандарды, 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектерді, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлерді, әскери қызметкерлерді, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлерін қолдау үшін әзірленді.

Бағытты іске асыру үшін Компанияны 163,3 млрд. теңге көлемінде жалпы қаржыландыру көзделді, соның ішінде ҚР Ұлттық қорынан жеңілдікті несие алу (2015-2016 жылдары 115 млрд. теңге сомасында), республикалық бюджеттен қаржыландыру (2016 жылы 19,1 млрд. теңге көлемінде), сондай-ақ Компанияның жарғылық капиталын 29,2 млрд. теңгеге арттыру есебінен.

Компания жалға берілетін тұрғын үйді салу, сатып алу және бөлу бойынша белсенді қызметін 2015 жылы бастады және Бағдарламаға сәйкес 2018 жылы аяқтайды.

«Сатып алу құқығымен жалға беру» бағыты жұмыс істеген кезеңде жалға берілетін тұрғын үй құрылысы Қазақстанның 20 қаласында жүзеге асырылды – Астана, Алматы, Павлодар, Қызылорда, Ақтау, Өскемен, Рудный, Петропавловск, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Семей, Тараз, Талдықорған, Шымкент, Орал, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Хромтау.

Жыл соңына дейін Қостанай, Қарағанды, Өскемен, Орал қалаларында 41 мыңнан астам шаршы метр пайдалануға берілетін болады (703 пәтер).

Атлетикалық ауыл біздің ерекше мақтанышымыз болып табылады, бұл тұрғын үй кешені Алматыда 2017 жылғы Қыстық Универсиада қарсаңында бой көтерді, кейіннен кезекте тұрған адамдар арасында бөлу үшін уәкілетті ұйымдарға тапсырылды. Кезекте тұрған кем дегенде 2000 адам «Сатып алу мүмкіндігімін жалға беру» бағдарламасы бойынша Атлетикалық ауылға қоныстанды. Алматыдағы «Жас Қанат» тұрғын үй кешені де тағы бір ірі объектіміз болып табылады. Ол жерде 1780 отбасы қоныс тойын тойламақ.

Барлық объектілердің құрылысы «Бәйтерек» ҰБХ-ның еншілес бөлімшесі – «Бәйтерек девепломент» АҚ-ның қатысуымен жүргізілді. Біз қазақстандық құрылыс және әрлеу материалдарын өндірушілермен жұмыс істедік, инженерлік және техникалық жұмыстарды да жергілікті мердігерлер орындады. Лифтілер, сорғы станциясы және т.б. инженерлік жабдықтар ғана сырттан сатып алынды.

Құрылыс сапасы барлық кезеңдерде үш деңгейлік бақылаудан өтеді: құрылыс салушының өз техқадағалауы, ҚИК тарапынан тәуелсіз техникалық қадағалау және МСҚБ. Барлық пәтерлер кезекте тұрған адамдарға әрленген және қоныстандыруға дайын күйінде тапсырылады. Пәтерлер санитарлық тораптармен толық жабдықталған, электр/газ плиталары орнатылған.

"Ел ауқымындағы құрылыс бағдарламасы – бұл саланы, жергілікті және муниципалдық инфрақұрылымды дамытудың күшті драйвері болып табылады. Онымен қоса, бұл сенімді тұрақтандырушы әлеуметтік фактор, азаматтардың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үй жағдайларын жақсартумен қатар, Бағдарлама аясында ел бойынша 4 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

Бүгінде «Сатып алу құқығымен жалға беру» бағыты бойынша салынған және сатып алынған пәтерлерде 17 мыңнан астам отбасы немесе 50 мыңнан астам адам тұрып жатыр", - деп сөзін аяқтады Е.Сыздықов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: