Жаңалықтар тізбегі
0

"Қалаулым" жобасының екінші маусымы басталады

1tv.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2018 23:11 1tv.kz
Атышулы жобаның екінші маусымы 20 тамыздан бастап Еуразия бірінші арнасының эфирінен көрерменге жол тартады.

Өткен жылы қазақстандық телекеңістікте үлкен жаңалық жасап, резонанс туғызған "Қалаулым" жобасының екінші маусымы санаулы күндерден кейін телекөрерменге жол тартады. "Қалаулым" жобасы – өмірлік серігін жолықтыруды армандап, отау құрғысы келетін жандар үшін тамаша мүмкіндік.

Мұнда өз махаббатын іздейтін, өмірлік серігін жолықтырғысы келетін адамдар кездеседі. Екінші маусымның басты ерекшелігі – егер бірінші маусымда бағдарламаға қатысушы ретінде 18 жастан жоғары адамдар келсе, екінші маусымда 25 жастан жоғары, отбасын құруға моральдық тұрғыдан дайын азаматтар іріктеліп алынды.

Жаңа маусым жөнінде жоба редакторы Шах-Керім Кәрменов "Жаңа маусымда кастинг өткізу барысында 25 жастан асқан азаматтарды іріктеп алуға тырыстық. Студия, бағдарламаны жүргізу тәртібі жаңарады. Қатысушылар мен үміткерлердің танысу процесі өзгереді. Біз кездесулер жайлы кадр сыртынан тыс түсірілімдер жасап, қатысушыларды студиядан тыс та түсіретін боламыз. Кастинг жүргізу барысында бірінші кезекте адамға мұның қаншалықты маңызды екенін, отбасын құруға қаншалықты ниетті екенін анықтауға тырыстық. Себебі шоудың рейтингісі жоғары болуына байланысты қатысушылардың көпшілігі көптің назарына түсіп, таныла бастады. Осы тұста келушілер шатасып, танымалдылық үшін келуі мүмкін. Кастинг өте күрделі түрде өтті. Келушілермен сағаттап әңгімелесеміз, оның жан-дүниесін танып, қандай мақсатты көздеп келгенін, басынан қандай жайттар өткенін анықтап білуге тырысамыз", - деді.

Естеріңізге салсақ, өмірлік серігін тауып, отбасын құрғысы келетін жандарға арналған бағдарламаның бірінші маусымы барысында бірнеше жұп отбасын құрып үлгерді. Атап айтсақ, 2017 жылдың қараша айында 67 жастағы Сейсенбек ақсақал мен 50 жастағы Ләззат ханым қалған өмірлерін бірге өткізуге шешім қабылдап, тойлары тікелей эфирде өтті. Ал Бекболат мырза мен Эльмира ханым тойларын 2018 жылдың ақпан айында атап өтіп, отбасылық өмірлерін бастап кетті. Сонымен қатар бірінші маусым аясында жоба қатысушысы Әлібек Камила есімді үміткер қызға сөз салып, қолына жүзік тағып, құда түсіп, құлағына сырға салды. Ал көрермендердің ыстық ықыласына бөленген жұп – Еркебұлан мен Жанерке өз өмірлерін мәңгіге байланыстыруға шешім қабылдады. Жақын күндерде Жанерке ыстық ұясынан ұзатылып, жігіттің отбасына келін болып түсті. Күні ертең үйлену тойын дүркіретіп өткізбекші.

Атышулы жобаның екінші маусымы 20 тамыздан бастап Еуразия бірінші арнасының эфирінен көрерменге жол тартады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: