Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Белгісіз адамдар Анкарадағы АҚШ елшілігіне оқ жаудырды

Соңғы кездері Анкара мен Вашингтон қарым-қатынасы қатты шиеленісіп кеткен болатын.

Сурет : Sputniknews.kz20 Тамыз 2018, 12:15

Оқыс оқиға таңғы сағат 05:00 шамасында (Астана уақытымен түнгі сағат 02:00) болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ататүрік желекжолымен келе жатқан ақ көлікте отырғандар елшілікке 4-5 рет оқ атқан. Оқтар полиция дүңгіршегіне тиген.

Зиян шеккендер жоқ. Дәл қазір оқиға болған жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

2016 жылы түрік билігі америкалық пастор Эндрю Брансонды тұтқындағаннан кейін Вашингтон мен Анкара арасындағы байланыс шиеленісіп кеткен еді. Бұған өзге де әсер етуші факторлар жетерлік. АҚШ қаржы министрлігі Түркия Әділет министрлігі басшысы Абдулахмит Гюл мен ІІМ басшысы Сүлеймен Сойлуға қарсы санкциялар салып, оларды "адам құқықтарын бұзды" деп айыптады.

Кейін Дональд Трамп Түркия үшін алюминий мен болатқа баж салығын 20% және 50%-ке дейін қымбаттатты. Бұл түрік лирінің тарихта болмаған деңгейге дейін құлдырауына алып келді. Анкара өз кезегінде жауап ретінде Америкадан келетін 22 тауарға баж салығын өсірді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер