Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Екібастұзда сыбайлас жемқорлықпен айналысу бойынша 32 факті тіркелді

Жалпы жер қатынастары саласында биыл 25 қылмыс тіркелсе, ауыл шаруашылығында алты және әлеуметтік салада сегіз факті анықталды.

Сурет : www.pavlodarnews.kz20 Тамыз 2018, 13:09

Ағымдағы жылдың жеті айы ішінде Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқолыққа қатысты ең көп факті Екібастұзда тіркелді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында сыбайлас жемқолыққа қарсы Ұлттық бюроның Павлодар облысы бойынша департаменті тергеу басқарамасының жетекшісі Руслан Куватов мәлім етті.

- Департаменттің өндірісінде сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысты 80 сотқа дейінгі тергеу болды, - деді Руслан Куватов.

– Қылмыстың басым бөлігі алаяқтық, парақорлық және қызметтік бапты асыра пайдалануға байланысты. Аумақтық сипат бойынша әшкереленген қылмыстардың 51 пайызы немесе 32 іс Екібастұз қаласына тиесілі.

Павлодар қаласында -22, Тереңкөл мен Май ауданында- үш, Ақсу қаласы, Успен және Аққулы ауданында бір фактіден тіркелді. Спикердің айтуынша, Екібастұзда жерді заңсыз сатқан факті тіркелді.

- Қылмыстық жауапкершілікке жер қатынастары бөлімінің бас маманы тартылды. Ол сегіз жыл бойы азаматтарға мемлкеттің жерін заңсыз сатқан. Осылайша, ол 43 жер телімінен 150 мың теңгеден 500 мыңға дейін ақша жасаған болып шықты, - деді Руслан Куватов.

Жалпы жер қатынастары саласында биыл 25 қылмыс тіркелсе, ауыл шаруашылығында алты және әлеуметтік салада сегіз факті анықталды.

Назым Қарабаева


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер