Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысында жол апатынан екі адам көз жұмды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2018 20:34 Baq.kz
Екі жасар бала жабық бас миының жарақатын алды.

«Павлодар-Қызылорда» тас жолының бойында екі жеңіл көлік соқтығысып, екі адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, жол көлік оқиғасынан кейін бес адам ауруханаға жатқызылды, олардың екеуі – бала.

«Екі жасар бала жабық бас миының жарақатын алды. Бір жасқа толмаған бүлдіршін де осындай жарақат алды. Қазіргі таңда денсаулық жағдайлары тұрақты. Зардап шеккендер облыстық балалар ауруханасында тиісті ем-дом шараларын қабылдауда. Олардың жағдайы орташа деп бағалануда», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Белгілі болғандай, апат «Павлодар-Қызылорда» тас жолының 45-ші шақырымында болды. Оқиға орнына медициналық-құтқару бригадасының мамандары барып, екі адамның өлімін тіркеді. 45 және 54 жастағы қатты соққыдан қайтыс болды. Сонымен қатар, 45, 23 және 20 жастағы жолаушылар жарақаттанды. Олардың барлығына медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: