Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Түрік лирасы қайта құнсызданды

Биыл түрік лирасы 38%-ға құнсызданған.

Сурет : Хабар 2422 Тамыз 2018, 10:12

Түрік лирасы қайта құнсызданды. Бұған S&P Global және Moody’s Түркияның ұзақмерзімді рейтингісін төмендетуі және Анкарадағы АҚШ елшілігін атқылау түрткі болған, деп хабарлайды Хабар 24.

Бірқатар мамандар лира бағамының құлдырауы елдің қаржылық тұрақтылығына қатер төндіргендіктен, экономикалық өсімнің қарқыны күрт тежелуі мүмкін деп санайды. Биыл түрік лирасы 38%-ға құнсызданған.

- Түркиядағы инфляция ондаған пайызға жетті. Мемлекеттік қарыз 5-6%. Айтарлықтай көп болмағанмен шығын бар. Сондай-ақ президент экономиканы өсіру мақсатымен көптеген жобаны бастаған. Мұның өзі ысырап болды. Саяси жағдаймен қатар АҚШ және Германиямен арақатынастың бұзылғанын да ескеру керек, - дейді экономист Вики Прайс.

Анкара үшін бір жақсы жаңалық болғаны жуырда Катар мен Түркияның орталық банктері өзара валюта айырбастау туралы екіжақты келісімге қол қойған. Жалпы Катар Түркия экономикасына 15 миллиард доллар көлемінде инвестиция құюды көздеп отыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер