Жаңалықтар тізбегі
0

Адамның 7 тазалығы

tirshilik-tynysy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2018 16:28 tirshilik-tynysy.kz
Махаббат пен сүйіспеншілік – нағыз бақыт.

1. «Қол тазалығы». Бұл ешкімің ала жібін аттамау, артық затын алмау деген сөз. Мұнымен қатар айналамыздағы жағдайы жоқ адамдарға 1/40 немесе 1/10 үлесімізді беруіміз керектігі жайында айтылады.

2. «Құлақ тазалығы». Өсек, мақтан, өтірік сөзді, қорқақ, ашушаң және жігерсіз адамдарды тыңдаудан бас тартуымыз керек. Алтын уақытты бос сөз өлтіреді.

3. «Көз тазалығы». Көзді көреалмаушылықтан, кектен, қызғаныштан аман сақтау.

4. «Тіл тазалығы». Тілімізді жаман, былапыт, бос сөздерді айтудан сақтандырғанымыз абзал. Үнсіздік алтынмен тең.

5. «Тән мен киім тазалығы». Бұған гигиеналық тазалықтың да қатысы бар. Яғни тән мен киімді әрдайым таза ұстау.

6. «Ой тазалығы». Бұл – ойымызды жамандықтан арылту. Әрдайым позитивті ойлауға шақыру. Өзімізге жанашырлықпен қарауды доғару. Одан біз не ұтамыз? Орнына жарқын болашаққа жақсы бастамалармен аттанғанымыз жөн.

7. «Жан мен жүректің тазалығы». Рухани құндылықтарымызды жоғары қоюмыз керек. Өзгені сүйіп, қайтарымына еш нәрсе сұрамаңыз. Махаббат пен сүйіспеншілік – нағыз бақыт.

Дереккөзі: tirshilik-tynysy.kz

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: