Жаңалықтар тізбегі
0

Қорғаныс министрі жаңа қызметіндегі жоспарларымен бөлісті

baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2018 20:15 baq.kz
Ермекбаев еліміздің қарулы күштерін оқыту деңгейін одан әрі дамытуға ниетті.

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев үкімет отырысында тілшілердің бірнеше сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа қызметі туралы Ермекбаев бұл өте маңызды және жауапты жұмыс екенін айтты.

«Өте маңызды және жауапты қызмет, оқыту деңгейі жеткілікті жоғары, оны одан әрі дамытуды жалғастырамыз», - деді Қорғаныс министрі.

Жаңа лауазымдағы жұмыс жоспарларына келер болсақ, Ермекбаев нақты бір нәрсе деуге әлі ертерек екенін айтты.

БАҚ өкілдері Қорғаныс министрінің үкімет отырысына арнайы киімсіз келгеніне назар аударды.

«Мен азаматтық қорғаныс министрімін, арнайы киімді тек әскери жаттығулар мен сапарлар үшін киемін», - деді Ермекбаев.

Нұрлан Ермекбаев 2018 жылдың 7 тамызында ҚР Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Президенттің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қызметін атқарған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: