Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысы Аралды құтқару қорына құрылтайшы елдер саммитіне қатысады

Түркменбаши қаласы Халықаралық Аралды құтқару қорына құрылтайшы мемлекеттердің саммитін өткізуге дайын.

Сурет : Хабар 2424 Тамыз 2018, 11:09

Арал теңізін сақтау – ортақ міндет. Бүгін Түркменстанда халықаралық Аралды құтқару қорына құрылтайшы мемлекеттер жиналып, теңізге қатысты түйткілді мәселелерді талқылайды, деп хабарлайды Хабар 24.

Түркменбаши қаласы Халықаралық Аралды құтқару қорына құрылтайшы мемлекеттердің саммитін өткізуге дайын. Бүгін әлем назары осы шаһарда болмақ. Себебі су Орталық Азия елдері үшін өзекті. Арал теңізін сақтауға қатысты жиында қорға құрылтайшы елдер шағын және кеңейтілген құрамда кеңесетін болады. Биыл Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қорға 25 жыл. 1993 жылдың 26 наурызында Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшылары - Орталық Азия елдерінің басшылары Қызылорда қаласында бас қосып, ортақ мәмілеге келген болатын. Ширек ғасырда Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстан Арал теңізін сақтап, қалпына келтіру үшін көптеген шараны бірлесіп атқарғаны белгілі. Игілікті іске ғылыми топ та жұмылдырылды. Кіші Аралды жаңғырту көпшіліктің үмітін қайта маздатты.

Аралды құтқарудың халықаралық қоры бүгінгі таңда аймақтағы 5 ел түгел қатысып отырған бірден бір саяси алаң. Айтулы саммитке аталған бес мемлекеттің көшбасшылары қатысады деп күтіліп отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев саммит басталмас бұрын Түркменстан Президенті Бердімұхаммед Гурбаноғлымен кездеседі деп күтілуде.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер