Жаңалықтар тізбегі
0

Республикалық диагностикалық орталықта қатерлі ісікті бастапқы кезеңде анықтау тегін жүргізіледі

elorda.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2018 21:14 elorda.info
ПЭТ/КТ – онкологиялық аурулар кезінде қолданылып, қатерлі дерт анықталған жағдайда асқындырмай, емді ерте бастауға мүмкіндік береді.

Астанадағы Республикалық диагностикалық орталықта қазақстандықтар онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтайтын ПЭТ/КТ зерттеуен тегін өте алады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«UMC» корпоративтік қорына қарасты Республикалық диагностикалық орталық жаңа ПЭТ/КТ аппаратын сатып алды. Бұл қолданыстағы құралдардың заманауи баламасы. Оның артықшылығы - 64 кесінділік компьютерлік томографиясы адам ағзасын барынша жіті зеттеуге мүмкіндік береді: сәбиден бастап ересектерге дейінгі барлық адамдарды салмағын есепке ала отырып, жіті сканерлей алады», - деді Республикалық диагностикалық орталықтың директоры Руслан Ахметов.

Аталған аппаратты басқару қиын емес, диагностик дәрігерлер үшін 4 жұмыс стансасы бар. Бұл ПЭТ зерттеудің нәтижесін беру уақытын тездетеді.

«UMC» корпоративтік қорына қарасты Республикалық диагностикалық орталықтың Ядролық медицина орталығы - өндірістік процестің толық циклы қамтылған Қазақстандағы ең алғашқы және жалғыз орталық.

Бұған дейін науқастарға диагностикадан өту үшін 1,5 ай уақытқа дейін күтуге тура келетін. Жаңа ПЭТ/КТ аппаратын сатып алғаннан кейін Республикалық диагностикалық орталығы енді бір күнде 30-ға дейін адамды қабылдай алады. Яғни, күту уақыты азайып, онкологиялық орталықтағы емін тезірек ала береді, деді орталық директоры.

Республикалық диагностикалық орталығында науқастардың 95% астамы зерттеудің бұл түрін кепілдік берілген медициналық қызмет аясында тегін өтеді. Ақылы негізде зерттеу құны - 235 700 теңге. Оны өз азаматтарымызбен қатар, көбінесе алыс және жақын шетелдердің азаматтары пайдаланады.

Айта кетейік, позитронды-эмиссиялық томография (ПЭТ) – ядролық медицинадағы қазіргі заманғы жоғары технологиялық диагностикалау әдісі. Ол қатерлі ісік белгісін дәл анықтауға және емді дұрыс белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл әдістің көмегімен жасалған емнің қаншалықты тиімді болғанын және асқынулардың сатып аоу-жоғын анықтауға да болады. Тағы бір артықшылығы бүкіл денеге бір уақытта екі түрлі зерттеу – компьютерлік томография (КТ) және позитронды-эмиссиялық томография (ПЭТ) жасалады. Яғни, азаматтар зерттеудің нақты қорытындысын алып, уақыты мен қаржысын үнемдейді.

ПЭТ/КТ – онкологиялық аурулар кезінде қолданылып, қатерлі дерт анықталған жағдайда асқындырмай, емді ерте бастауға мүмкіндік береді. Яғни, ағзадағы алмасу үрдісіндегі ауытқушылықтарды молекула деңгейінде анықтайды. Сондай-ақ, бұл әдісті дәрігерлер эпилепсия ошағын анықтауда кеңінен қолданады. Ал кардиология саласында миокардтағы зат алмасу ауытқушылығын диагностикалауға көмектеседі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: