Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан құрамасы Португалияны жеңіп, сенсация жасады 

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2018 16:22 sputniknews.kz
Футзалдан Қазақстан командасының финалға өтуі қазірдің өзінде сенсацияға баланып отыр.

Жұма күні Алматыда Қазақстан мен Португалия құрамаларының арасында футзалдан әлем чемпионатының жартылай финал ойыны өтті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 3: 2 есебімен жеңіске жетті деп жазады sputniknews.kz.

Ақпарат және спорт хабы хабарлағандай, қонақтар үшінші минутта есеп ашып үлгерді. Содан соң жетінші минутта Дәурен Тұрсағұлов есепті теңестірді. Бірнеше секундтан кейін португалиялық Абреу ұзақтан қақпаған гол салды. Футбол жанкүйерлері тамаша ойынға куә болды.

Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан тарихта алғаш рет әлем чемпионатының финалына шықты.

"Бұл сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Біз тарихты жазып жатырмыз. Жеңіске жанкүйерлеріміздің арқасында жеттік, осыншалық жақсы қолдау көрсеткені үшін алғысым шексіз. Алда Ресеймен шешуші ойын күтіп тұр, жеңеміз деп үміттенеміз", — дейді қазақстандық футболшы Дәурен Тұрсағұлов.

Финал 26 тамыз күні Алматыда сағат 16: 00-де өтеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: