Денис Тен туралы кітапты бір айда 1 млн адам жүктеген

Хабар 24 Хабар 24
Денис Теннің қаза табуына байланысты «Біздің Денис» деп аталатын кітап шыққан болатын.

«Біздің Денис» кітабының электрондық нұсқасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында жарияланған болатын, деп хабарлайды Хабар 24.

Министрліктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, бір айдың ішінде электронды кітапты 1000000 адам жүктеп алды. Соның ішінде Қазақстан (30 пайыз), Ресей (15 пайыз), Қырғызстан (8 пайыз), Оңтүстік Корея (13 пайыз), Өзбекстан (6 пайыз), Франция (8 пайыз), АҚШ (10 пайыз), Түркия (3 пайыз), Италия (4 пайыз), Канада (3 пайыз) және тағы басқа елдердің азаматтары бар.

Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қаза табуына байланысты «Біздің Денис» деп аталатын кітап шығарды.

Кітапта спортшының өмірбаяны, жарқын сұхбаттары, сондай-ақ ел, отбасы және өмір туралы айтылған пікірлері келтірілген. Онда Денистің сирек кездесетін және жарыстар мен әр түрлі іс-шаралардан естелік фотосуреттері, сондай-ақ әлемдік және қазақстандық жұлдыздардың естеліктері бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз