Жаңалықтар тізбегі
0

Қауын-қарбыздың зиянды екенін сатып аларда қалай білуге болады?

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2018 18:23 Stan.kz
Зақымдалған қауын-қарбызды сыртына қарап та білуге болады.

Қауын-қарбызға шыбын-шіркейдің де зиян келтіретінін білесіз бе? Зиянкестер зақымдаған жемісті сыртына қарап қалай ажыратуға болады. Шыбынның аналықтары өсіп келе жатқан қауын-қарбызды тесіп өтіп жұмыртқалайды. 3-4 күнде құрт пайда болады, деп хабарлайды Stan.kz.

Жемістің құрттаған жері қою қараланып, шіри бастайды. Қазақстанға мұндай шыбындар Өзбекстаннан келді. Еліміздің оңтүстік аймағында кездеседі.

Зақымдалған қауын-қарбызды сыртына қарап та білуге болады.

«Қауын-қарбызды сатып алар кезде сыртында қызыл, қоңыр дақтар болса, оның зақымдалған белгісі. Мұндай жағдайды базар инспекторына айтуға болады. Қазір базарда инспекторлар жұмыс істейді», – дейді карантия жарияланған өсімдіктер жөніндегі мемлекеттік инспекциясының жетекшісінің орынбасары Сымбат Қалиасқарова.

Азаматтардың шағымынан соң не өздігінен тексеріс жүргізгенде күдікке түскен қарбыздарды лабороторияға жібереді. Егер зияны анықталса, жемістерді лақтырады.

Астанада 150 келі қарбыз жарамсыз болып шықты. Олардың көбі Жамбыл облысынан әкелінді. Иесіне 48 мыңнан астам айыппұл салынды.

Шыбындар ластап кеткен жемістер адамға зиянды емес. Бірақ оны жемеуге кеңес береді. Шыбындар ауылшаруашылығына айтарлықтай зиян тигізуде. Зиянкестер салдарынан егістік өнім 20 %-ға азаяды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: