Жаңалықтар тізбегі
0

Жолаушылар автобустың қандай жылдамдықпен жүргенін біліп отырады - ИДМ

tengrinews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2018 22:08 tengrinews.kz
Жолаушылар тасымалы саласы өте маңызды.

Әрбір жолаушы халықаралық және облысаралық тасымалда жүрген автобустар туралы толық мәлімет біле алады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Дәурен Сәбитов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жолаушылар тасымалы саласы өте маңызды. Бұл салада Көлік комитетінің құзыретіне халықаралық және облысаралық тасымалдар кіреді. Яғни, бұл автобустар қалалардың ішіндегі автостансадан өткендіктен, жолаушылар автобустардың қай жерде келе жатқанын, автобус маркасы мен оның жүргізушісі жөнінде, жылдамдық көрсеткіші туралы біле алады. Осы орайда, қажетті нормаларды заңнамаға енгіздік. Бұл ретте тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз», - комитет өкілі.

Оның сөзіне қарағанда, тасымалдаушылар өздерінің автобустарын аталған жүйемен және қажетті құрылғылармен жабдықтауға міндетті.

«Осы құрылғылардан алынған мәліметтерді біздің ахуалдық орталық пен мониторинг жүйемізге беруі қажет. Сондықтан цифрлық бағдарлама аясында осы жұмыстарды іске асырудамыз. Сәйкесінше, жылдың соңына дейін бұл жүйені енгізуді жоспарлап отырмыз», - деп түсіндірді Дәурен Сәбитов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Дәурен Сәбитов биыл қыркүйекте Қазақстандағы үш жол учаскесінде ақылы жүйе тестілік режимде іске қосылатынын мәлім етті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: