Жаңалықтар тізбегі
0

СІМ Грузияда жоғалған қазақстандыққа қатысты ақпаратты тексеруде

khabar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2018 23:44 khabar.kz
Грузия тауларында астаналық Сергей Трофимов жоғалып кеткен болатын.

ҚР Сыртқы істер министрлігі бұрын жоғалған екі турист денелерінің Грузияда табылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің Грузиядағы елшілік Местианың муниципалитетімен байланысқа шықты. Анықталғандай, табылған туристерде ешбір құжаттар болмаған. Енді олардың кім екенін тиісті органдар анықтайды. Қайтыс болғандардың аты-жөні мен өлім себебі тиісті сараптамадан соң белгілі болады. Біз осы мәселені айрықша бақылауда ұстаудамыз», - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров.

Естеріңізге салсақ, 2016 жылдың шілде айында Грузия тауларында астаналық Сергей Трофимов жоғалып кеткен еді. Содан бері ол туралы ешбір ақпарат келіп түспеді.

Айта кетейік, бұған дейін екі адамның денесінің табылғандығы туралы бұқаралық ақпарат құралдары хабарлаған болатын. Алдын ала болжам бойынша, қайтыс болғандар біраз уақыттан бері тауда жоғалған шетелдік туристер болуы мүмкін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: