Жаңалықтар тізбегі
0

Мақтаарал ауданында халықаралық логистикалық орталық салынуда

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2018 00:36 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына барды.

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына барды. Өңір басшысы алдымен Иіржар ауылдық округі Наурыз ауылындағы жаңадан салынған Н.Бекежанов атындағы 200 орындық мектептің ашылуына қатысып, жергілікті жұртты жаңа оқу жылы қарсаңындағы қуанышты жаңалықпен құттықтады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2018 00:36

«Түркістан өңірі ең көп халық тығыз орналасқан аймақ. Туу көрсеткіші де жоғары. Мәселен, биылдың өзінде облыс бойынша бірінші сыныпқа 55 мыңнан астам оқушы келеді. Яғни, мектепке келетін оқушы саны 19 мыңға артқан. Демографиялық өсімге байланысты 2018-2025 жылдары аралығында өңірде 184 мектеп салу қажеттілігі туындап отыр. Биыл білім беру саласына қажетті 83 нысанның құрылысы қолға алынған. Оның 40-ы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Міне, бүгін де Мақтаарал ауданында жаңа мектеп ашылып, ауыл оқушыларына есігін ашады», - деді Жансейіт Қансейітұлы.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2018 00:36

Кейін облыс әкімі Мақтаарал ауданындағы Азаттық ауылында орналасқан логистикалық орталыққа аялдады. Аграрлы ауданда шаруалардың өнімін сақтап, әрі қарай сату үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынған жобаға 9 гектар жер телімі қарастырылған. Орталықта жаңа үлгідегі жеміс-жидек сақтау және уақытша сұрыптау қоймалары, мұздатқыш камера мен жүк көліктеріне арналған тұрақжай, техникалық қызмет көрсету стансасын салуға жалпы құны 1 миллиард теңгеге жуық инвестиция тарту көзделген. Алдағы уақытта автопаркинг, электронды таразы, жүк сақтау қоймалары, тұрақжай, құжаттандыру орталығы, қонақ үй, асхана, сауда үйі, авто жуу орны салынатын болады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2018 00:36, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2018 00:36

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: