Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Ресей жерінде жол апатына ұшыраған қазақстандық есін жиды

Ресейлік дәрігерлер жол апатына ұшыраған азаматтардың жағдайы туралы мәлімдеген болатын.

Сурет : Baq.kz 27 Тамыз 2018, 09:54

Алтайда жол апатына түскен Қазақстан азаматының беті бері қарады, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Хасен Білімбай есін жиды және сөйлей алады. Туыстары ендігі оған жеткен де болар. Аурухананың бас дәрігері науқасты Қазақстанға жеткізуге болады деп отыр. Алайда, бұл мәселе оның туыстары келген соң шешіледі», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ведомствода хабарлағандай, Хасен Білімбай туралы ақпаратты жариялаған соң, бір сағаттан кейін Моңғолия мен Астанадағы туыстары Сыртқы істер министрлігімен байланысқа шыққан.

Естеріңізде болса, бұған дейін де Алтай республикасында Моңғолия азаматтары отырған шағына втобустың қатысуымен тағы бір жол-көлік оқиғасы орын алғандығын жазғанбыз. Жұмаға қараған түні Онгудай ауданында Шүй тасжолы жолының 659 шақырымында SsangYong Istana шағын автобусы аударылып қалған. Жол апатынан кейін шағын автобустағы 14 жолаушы аурухана жеткізіліп, оның 12-сі емдеу мекемесіне жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көлікті басқара алмай, соның салдарынан көлік жолдан шығып кетіп, аударылған. Тежегіш жүйесінің ақауы жол-көлік оқиғасына себепші болып отыр.

Ресейлік дәрігерлер жол апатына ұшыраған азаматтардың жағдайы туралы мәлімдеген болатын. Сонымен бірге, ол әйелдің жағдайы ауыр екенін хабарлаған болатынбыз.




Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер