Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақстанда қатты жаңбыр жауады

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Манғыстау, Қарағанды, Қостанай облысының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Сурет : musavat.com27 Тамыз 2018, 10:18

Республиканың басым бөлігіне циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальдық бөліктер әсерін тигізеді, осыған байланысты жаңбыр, солтүстік-шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, найзағай, екпінді жел күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Бұл туралы zakon.kz, Қазгидромет берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Республиканың солтүстігі мен орталығында кей жерлерде тұман күтіледі. Қазақстанның батысы мен онтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, түнде және таңертең кей жерлерде тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл, Түркістан облыстарында күндіз желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі.

Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай және желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі.

Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысының күндіз кей жерлерінде найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңерең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Манғыстау, Қарағанды, Қостанай облысының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер