Алматы метросына жаңа басшы тағайындалды

www.metroalmaty.kz www.metroalmaty.kz
Метрополитен қызметкерлеріне жаңа басшыны Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Байқоңыров Қанат таныстырды.

«Метрополитен» КМК-де Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының 2018 жылғы 25 тамыздағы бұйрығымен директор тағайындалды. Ол бұрын «АЛМАТЫМЕТРОҚҰРЫЛЫС» АҚ басқарған Ербол Әбілдинов. Бұл жөнінде метрополитеннің баспасөз қызметі хабарлайды деп жазады zakon.kz.

Қалалық жерасты метросының жаңа басшысы 54 жаста, Жезқазған қаласында дүниеге келген. Алматы сәулет-құрылыс институтын (АСҚИ), НАРХОЗ университетін бітірген, сәулетші және экономист мамандығынан бастап, көп лауазымдарда жұмыс істеді. 2017 жылдың наурыз айынан «АЛМАТЫМЕТРОҚҰРЫЛЫС» АҚ бас директоры лауазымында қызмет атқарды.

Метрополитен қызметкерлеріне жаңа басшыны Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Байқоңыров Қанат таныстырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз