Жаңалықтар тізбегі
0

Биылғы жылы 2 млн 700 мың азаматтың тең жартысының статусы нақтыланды

akt.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2018 18:03 akt.gov.kz
Азаматтардың статусын нақтылау МƏМС-ті енгізуге, олардың əлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін қорғау мақсатында оларды зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне тартуға байланысты.

ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова бейресми жұмыспен қамтылған халықты ел экономикасына рәсімдеу және тарту бойынша Жол картасын жүзеге асыру туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі орталық мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бейресми жұмыспен қамтылған халықты нормализациялау жəне оларды ел экономикасына, міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру (МƏМС) жүйесіне тарту жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған жол картасын іске асырып жатыр, - деді министр".

Оның айтуынша, азаматтардың статусын нақтылау МƏМС-ті енгізуге, олардың əлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін қорғау мақсатында оларды зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне тартуға байланысты.

"Биылғы 7 айда азаматтардың статусын нақтылау бойынша атқарылған жұмыс нəтижесін жарияланды. 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік дерекқорларда статусы болмаған 2 млн 700 мың адамнан бүгінгі күні 1 млн 385 мың адамның статусы нақтыланды", - деп мәлімдеді министр.

Әбілқасымова атап өткендей, біріншіден, 548 мың жұмыскер еңбек шартын жасады. Олар бойынша міндетті зейнетақы жарналары түсе бастады. 13 мың кәсіпкер өз қызметін ресми түрде тіркеді. 22 мыңнан астам адам азаматтық - құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтіндер, үй жұмыскері жəне шетелдік кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер ретінде анықталды. 17 мыңнан астам азамат жұмыссыз ретінде тіркелді.

"Екіншіден, 84 мың адам әлеуметтік төлемдерді, ал 19 мың адам атаулы әлеуметтік көмекті алушы ретінде тіркелді. 29 мың әйел жүктілікке байланысты есепке қойылды, 8700 адам 3 жасқа дейінгі баласына күтім жасап отыр. Үшіншіден, 642,5 мың азамат үй шаруасындағы әйелдер, студенттер, тыс жерлерге кеткен адамдар, 18 жастан асқан мектеп оқушылары ретінде және басқа санаттар бойынша нақтыланды. Сондай-ақ дерекқорларда қайталанатын жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН), мерзімі өткен құжаттар анықталып жаңартылды. 2018 жылғы 25 тамыздағы жағдай бойынша дерекқорларда статусы жоқ халық саны 1 млн 322 азаматты құрайды", - деді Мəдина Әбілқасымова.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: