Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы театрында Денис Тенге арналған қойылым сахналанады

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2018 23:48 www.inform.kz
Қойылым режиссері - Галина Пьянова, суретшісі - ташкенттік Александр Барковский мен театрдың бас суретшісі Антон Болкунов.

ARTиШОК театры жаңа маусымда Денис Тенге арналған спектакльді сахналайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Театрдың 18-маусымында қазақстандық фигурист Денис Тенді еске алу үшін арнайы жоба жоспарланған.

Спектакль баспасөз беттері мен әлеуметтік желілерде қайғылы қазаға байланысты жарияланған жазбалар желісі бойынша құрылады. Театр әртістері бұл мәтінді сахнадан әдеби шығарма ретінде оқиды. Қойылым театр репертуарына енеді.

«Рухы мықты адам - бүгінгінің Гамлеті. Ол өз ойын, пікірін, ұстанымын ашық айта алады. Денис Тен арамыздан кеткен сәттен бастап бірнеше күн толасатамаған жазбалардың қазір ұмытылып бара жатқаны қынжылтады. Себебі, естелік мәңгі емес, ал Фейсбук лентасы күнде жаңарады. Біз сол кездегі жазылған, ақтарылған сезімдерді қайта оқып, көрермен есіне салғымыз келеді»,-деді театр директоры Анастасия Тарасова.

ARTиШОК театрының жаңа маусымы 20 қазан күні «Гамлет» спектаклінің тұсаукесерімен ашылады.

Қойылым режиссері - Галина Пьянова, суретшісі - ташкенттік Александр Барковский мен театрдың бас суретшісі Антон Болкунов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: