Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Танымал қазақ әншісі халықаралық байқауда топ жарды

Аталған ән додасына 14 елден келген әншілер қатысқан.

Сурет : Instagram29 Тамыз 2018, 10:03

“Ағайынды Жүгүнісовтер” тобының әншісі Мирас Жүгүнісов халықаралық ән байқауында еліміздің атынан өнер көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Өнер иесі Грузияда өткен халықаралық “Жібек Жолы жұлдызы” байқауында 1-орын алды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы әнші Сәкен Майғазиев желідегі парақшасында жазды.

“Ағайынды Жүгүнісовтердің әншісі, Грузияда өткен Халықаралық байқаудың 1-орын иегерін құттықтап қоялық, отандастар! Биіктен көріне бер, құлыншақ!” – деп ақжарма тілегін жеткізді ол.

Айта кетейік, аталған ән додасына 14 елден келген әншілер қатысқан. Олардың қатарында Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстаннан қатысушылар бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль жыл сайын Ұлы Жібек Жолы бойындағы мемлекеттер арасында өтеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер