Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Білім министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімге жаңа талап қойды

Академиялық еркіндік туралы заң еліміздің жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын жедел жаңартуға мүмкіндік береді.

Сурет : today.kz29 Тамыз 2018, 14:17

Елімізде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімге жаңа талап қойылады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді біз сапаның екі базалық негізгі түсінікті негізінен бастаймыз. Біріншісі - бұл заманауи білім беру бағдарламасы. Екіншісі - студенттерге жоғары талап», - деді министр.

Оның айтуынша, Академиялық еркіндік туралы заң еліміздің жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын жедел жаңартуға мүмкіндік береді.

«Жұмыспен қамту мен жұмыс берушілердің кәсіби одақтарының бағалауына негізделген «Атамекен» ҰКП-ның білім бағдарламаларының рейтингі білім беру бағдарламаларының қажет етілетіндігіне және заманауилығына негізделген. Және де ол жоғары оқу орындарына жаңартудың нақты бағыттарын көрсетеді. Біздіңше, бұл міндеттерді шешу тұғырнамасының негізі қаланған», - деді Ерлан Сағадиев.



Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер