Қазақстан құрамасы Азиада-2018 жабылу салтанатына қатысты

olympic.kz olympic.kz
Командалық есепте Қазақстан 9-шы орынға табан тіреді.

Джакартадағы Азия ойындары ресми түрде аяқталды. Индонезия астанасында Азия ойындарының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-09/thumbs/1535942202_1.jpg

Джакартадағы Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы есебі 76 медаль жеңіп алды. Азиада төрінде еліміздің әнұраны 15 рет шырқалып, 17 спортшымыз күміс, 44 спортшымыз қола жүлдегер атанды.

Командалық есепте Қазақстан 9-шы орынға табан тіреді.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-09/thumbs/1535942253_2.jpg

Азиада қорытындысы бойынша Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея мемлекеттері көш бастады.

Қазақстандық спортшылар велоспорт, байдарка мен каноэде ескек есу, көркем гимнастика, самбо мен джиу-джитсудан қос-қостан алтын жеңіп алды.

Сондай-ақ, карате, жеңіл атлетика, дзюдо, су добы және семсерлесуден бір алтыннан бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз