Жаңалықтар тізбегі
0

Ердоған мен Жээнбеков Қырғызстандағы "Гүлен мәселесін" түпкілікті шешпек

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2018 14:52 Baq.kz
Қырғызстанда Гүленнің жақтастары ашқан деп есептелетін бірқатар білім беру, мәдени және қайырымдылық ұйымдары жұмыс істейді.

Түркия президенті Режеп Ердоған түрік діни қайраткері Фетхулла Гүленнің қозғалысы туралы мәселені Қырғызстанда түпкілікті шешу қажеттігі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

Бішкекте Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездескеннен кейін Ердоған екі ел басшылары FETO ұйымымен "күрестегі" қадамдарды талқылағаны туралы хабарлаған. Анкара бұл ұйымның діни қайраткермен байланысы бар деп санайды.

Ердоғанның сөзінше, Түркия өз басынан өткен жағдайдың бауырлас елде қайталанғанын қаламайды. Түрік президенті Қырғызстанда мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінің ешқашан болмауына тілектес екенін білдірген. Бұған қоса ол Түркия білім саласындағы әріптестікті "Маариф" қоры арқылы жүргізетінін айтқан.

"Олар армияға, полицияға және мемлекеттің басқа да салаларына еніп алып, мемлекеттік төңкеріс жасайды", - деп мәлімдеген Ердоған.

Сооронбай Жээнбеков Түркияға қарсы бағытталған іс-әрекеттерді қолдамайтынын білдірген. Ол сонымен бірге "Сапат" мектептері толықтай мемлекеттің бақылауында екенін айтқан.

Ердоған бұған дейін де, 2018 жылғы сәуірде Қырғызстан президенті Анкараға сапармен барған кезде Жээнбековпен "гүленшілер" мәселесін талқылаған.

2016 жылы Түркия Қырғызстанда "гүленшілер" ықпалы күшті деп мәлімдеп, қырғыз билігін қозғалыс қызметіне тыйым салуға шақырған. Қырғызстанның сол кездегі басшылығы Анкараның өтінішін орындаудан бас тартқан. Президент Алмазбек Атамбаев "Түркия Қырғызстанның ішкі ісіне араласып отыр" деп сынаған.

Қырғызстанда Гүленнің жақтастары ашқан деп есептелетін бірқатар білім беру, мәдени және қайырымдылық ұйымдары жұмыс істейді. Олардың ішіндегі ең ірісі "Себат" халықаралық білім мекемелері желісі 2017 жылы жергілікті ұйым ретінде қайта тіркеуден өтіп, "Сапат" деген жаңа атау алған.

Бұдан кейін Қырғызстан мен Түркия арасы едәуір салқындап, соған дейін бір-бірімен жиі кездесіп жүрген екі мемлекет басшылары соңғы екі жылда жоғары деңгейде кездесу өткізген жоқ.

Түрік билігі 2016 жылғы мемлекеттік төңкеріс жасауға тырысты деп АҚШ-та тұратын Фетхуллах Гүленді айыптайды. Гүлен ол айыптарды жоққа шығарады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: