Павлодарда бір түннің ішінде есік-терезелері жабылмаған 21 автокөлік анықталды

Рavlodarnews.kz  Рavlodarnews.kz 
Жеке мүліктің ұрлануы мен автокөліктің зақымдануы қаупін азайту мақсатында полицейлер көлік иелерін бірнеше қарапайым ережелерді сақтауға шақырды.

Павлодар қаласындағы тұрғын үй аулаларын тексеру барысында жол-патрульдік полиция батальоны қызметкерлері есіктері мен терезелері жабылмаған автокөліктер анықтады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше полицейлер аулаларды аралап жүріп, бір түннің ішінде есіктері ашық қалған 21 көлік құралын тапқан.

Тіпті автокөлік иелері машина кілтін тұтандыру тетігінде қалдырып кеткен жағдайлар да кездескен.

Рейд қорытындылары бойынша аңқау көлік иелерімен профилактикалық сұхбат өткізілді.

Жеке мүліктің ұрлануы мен автокөліктің зақымдануы қаупін азайту мақсатында полицейлер көлік иелерін бірнеше қарапайым ережелерді сақтауға шақырды.

Айталық, сақшылар автокөлікті қысқа уақытқа қалдырғанның өзінде көлік салоны мен жүксалғыш есіктерін жабуды ұмытпауды, сондай-ақ машинада құнды заттарды қалдырмауды өтінеді.



zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз